Мадагаскар үкіметі таратылды

Мадагаскар президенті Эндри Раджолина үкіметті тарататынын мәлімдеді.

Бұл шешім су мен электрдің жиі өшірілуіне қарсы жастар ұйымдастырған жаппай наразылықтан кейін қабылданды. Үш күнге созылған шеру кезінде кемінде 22 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланды. БҰҰ мәліметінше, қаза тапқандардың арасында қауіпсіздік күштерінің оғы тиген бейбіт тұрғындар мен шерушілер бар. Сондай-ақ кейінгі қақтығыстарда қылмыскерлер қолынан мерт болғандар да кездеседі. Мадагаскардың Сыртқы істер министрлігі бұл деректерді жоққа шығарды. Раджолина алғаш рет билікке 2009 жылғы әскери төңкеріс арқылы келген еді.