Үндістандағы алғашқы мультимодальды хаб салынады
Үндістанда алғашқы мультимодальды көлік торабы салынады. Ол Мумбай маңындағы Тхане шаһарында орналасады.
Халықаралық жиында таныстырылған жоба аясында жоғары жылдамдықты пойыз, дәстүрлі теміржол, жеңіл рельсті метро, автобус бағыттары, такси мен су көлігі бір жерден тоғысады. Станция Үндістандағы ең ірі көлік түйіндерінің біріне айналып, ел ішіндегі және халықаралық бағыттардағы транзиттік тасымалды жылдамдатады.
Бастаманы Махараштра штатының билігі мен Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі қолдап отыр. Сарапшылардың айтуынша, жаңа торап ел экономикасына серпін беріп, мыңдаған жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасайды.
Мультимодалды Хабта қамтылатын көлік түрлері:
Жоғары жылдамдықты темір жол
Дәстүрлі темір жол
Метро
Жеңіл рельсті метро
Автобус бағыттары
Су көліктері
Такси және авто-рикшалар
Дереккөз: The Times of India