Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды

Илон Маск әлемде байлығы 500 млрд долларға жеткен алғашқы адам атанды.

Байлығының өсуіне Tesla акцияларының қалпына келуі, xAI жасанды интеллекті және ғарыш компаниясы SpaceX-тің құнының артуы әсер етті. Forbes санағы бойынша әлемдегі миллиардерлер тізімінде Масктан кейін Oracle негізін қалаушы Ларри Эллисон және Meta басшысы Марк Цукерберг тұр. Маск 2021 жылы байлығы 190 млрд долларға жетіп, әлемнің ең бай адамы атанған.