ЕО кәсіпорындарының 80%-і жұмысшы маман таба алмай отыр
Еуропа елдерінде де жұмысшы мамандар жетіспейді, деп хабарлайды 24kz.
Еурокомиссияның мәлімдеуінше, ЕО аумағындағы кәсіпорындардың 80%-і қажетті маман таба алмай отыр.
Жалпы есеп бойынша тапшылық 42 түрлі мамандықты қамтиды. Әсіресе, қазіргі кезде құрылыс, көлік, денсаулық сақтау және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар салаларында жұмысшы мамандарға деген сұраныс күрт артқан. Осыған байланысты ЕО шетелдік жұмысшыларды тартуды және жұмысшы мамандарды дайындау жүйесін жаңғырту идеяларын қолға алуда.