Бразилиядағы әйгілі ескерткіш қызғылт түске боялды

Бразилияда сүт безі обыры әйелдер арасындағы өлім-жітімнің негізгі себебі болып отыр.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Лако Роса Фаундэйшн қоры ерте диагностика ауруды емдеу мүмкіндігін 95%-ға дейін арттырады дейді. Тұрғындарды сүт безі обыры туралы хабардар ету үшін қордың ұйымдастыруымен Рио-де-Жанейродағы әйгілі Құтқарушы Иса Мәсіх мүсіні қызғылт түске боялды. Дерттің алдын алу мақсатында 3 мың әйелге маммографияға жолдама берілді.

Марсела Порту, Бразилияның Әйелдер ісі бойынша мемлекеттік хатшысы:

- Бұл шара әйелдерге ауыр кезеңді өткеруге күш-жігер береді. Мойымауға көмектеседі. Әр әйел басқа түскен сынаққа берілмей, әрі қарай алдына мақсат қойып, толыққанды өмір сүрсе екен дейміз.