Тбилисиде наразылық шеруі өтті
Грузия астанасында наразылық шеруі өтті. 4 қазанда болған муниципалдық сайлаудан кейін оппозиция оған бойкот жариялап, халықты бейбіт жолмен билікке қарсы наразылық білдіруге шақырды.
Тбилисидегі Бостандық алаңында ұйымдастырылаған митинг қақтығысқа ұласып, кей топтар президенттік сарайға басып кіруге талпынды. Экс-президент Саломе Зурабишвили бұл оқиғаны билеуші партияның арандатушылығы деп айтты. Грузия Ішкі істер министрлігі президент резиденциясына шабуыл жасау әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қазірге дейін 20-дан аса адам қамауға алынған.