ОПЕК+ мұнай өндірісін арттырмақ
ОПЕК+ ұйымына кіретін елдер қарашадан бастап мұнай өндіруді тәулігіне 137 мың баррельге көбейтуді көздеп отыр. Бұл туралы ұйымның ресми хабарламасында жарияланды.
Reuters агенттігі хабарлағандай, Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге халықаралық шектеулер күшейген тұста, Мәскеу мұнай бағасының құлдырауына жол бермеу үшін өндірісті біртіндеп арттыруды ұсынған. Ал Сауд Арабиясы керісінше, нарықтағы орнын нығайту үшін өндірісті арттыруды талап етті. Сарапшылардың пікірінше, ұйымның бұл қадамы мұнай бағасының тұрақтылығын сақтап, альянстың әлемдік нарықтағы үлесін қорғауға бағытталған.