Бүгін Габалада Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммиті өтеді

Бүгін Әзербайжанның Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының XII саммиті басталады, деп хабарлайды 24kz.

Жиында түркі әлемі ынтымақтастығындағы өзекті мәселелер қаралып, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады.

Жалпы бұл саммит жыл сайын мүше мемлекеттердің әрқайсын да кезекпен ұйымдастырылады. Біздің елде Алматыда және Астанада екі рет өткен. Әзербайжанда ұйым өкілдері 2013 және 2019 жылдары бас қосты. Ал 2020 жылы COVID-19 пандемиясы кезінде, Түркі мемлекеттері ұйымының төтенше саммиті онлайн форматта ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, 2021 жылы көшбасшылар Ыстамбұлда, келер жылы Өзбекстанда бас қосқан еді. Ал былтыр Қырғызстанда өткен саммит аясында Бішкек қаласы Түркі мемлекеттері ұйымының цифрлық астанасы болып жарияланды.

Түркі мемлекеттері ұйымының өткен саммиттері

1. 2011 жыл 21 қазан – Алматы, Қазақстан

2. 2012 жыл 23 тамыз – Бішкек, Қырғызстан

3. 2013 жыл 16 тамыз – Габала, Әзербайжан

4. 2014 жыл 5 маусым – Бодрум, Түркия

5. 2015 жыл 11 қыркүйек – Астана, Қазақстан

6. 2018 жыл 3 қыркүйек – Шолпан-Ата, Қырғызстан

7. 2019 жыл 15 қазан – Баку, Әзербайжан

2020 жыл 10 сәуір – онлайн

8. 2021 жыл 12 қараша – Ыстамбұл, Түркия

9. 2022 жыл 11 қараша – Самарқанд, Өзбекстан

10. 2023 жыл 3 қараша – Астана, Қазақстан

11. 2024 жыл 6 қараша – Бішкек, Қырғызстан