Мысырдың солтүстігін су басты
Мысырдың солтүстігіндегі ауылдар мен егістік алқаптарды су басты, деп хабарлайды 24kz.
Бұған Ніл өзені деңгейінің көтерілуі себеп. Аумақтан шамамен 1200 отбасы эвакуацияланды. Тұрғындар көшеде қайықпен жүр, көбі үйлерінің төбесіне ышғып алған. Мысыр билігі: «Тасқынға Эфиопияның жаңа бөгеті түрткі болды», - деп мәлімдеді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, Эфиопия суды бөгеттен көп мөлшерде жіберіп, тасқын туғызған. Ал Эфиопия тарапы: «Бұл айыптауларды жоққа шығарып, бөгеттегі судың керісінше қауіпсіз деңгейде реттелуін қамтамасыз еттік», - деп отыр.