Галапагос аралын су басты. No comment
Галапагос аралдарында нөсер жаңбыр жауып, үйлер мен көшелерді су шайып кетті, деп хабарлайды 24KZ.
180-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тұрғындарға жәрдемдесу үшін 150-ден астам әскери қызметші жұмылдырылған. Метеорологтар қолайсыз күн райының себебін «Эль-Ниньо» құбылысымен байланыстырады. Өйткені оның әсерінен Тынық мұхитының суы қалыпты деңгейден жоғары температураға дейін жылынады. Бұл жауын-шашынның көп түсуіне әкелуі мүмкін.