Мадридте ғимараттың бірнеше қабаты опырылып түсті
Мадридтің қақ ортасындағы ғимараттың бірнеше қабаты опырылып, құлап түсті.
Салдарынан 3 адам зардап шекті. Тағы төртеуі іздестірілуде. Оқиға орнында төтеншеліктер жұмыс істеп жатыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бес қабаттан тұратын ғимарат ішінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Дәрігерлер зардап шеккен құрылысшылардың жағдайын тұрақты деп бағалады.