Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы Венгрия жазушысына берілді

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы мажар жазушысы Ласло Краснахоркаиға берілді.

Нобель комитеті антиутопиялық туындыларымен танымал қаламгердің шығармашылығын жоғары бағалады. Краснахоркаи Орталық Еуропа әдебиетінің үздік дәстүрлерін жалғастырған эпикалық шығармалардың авторы. Стилі Кафка мен Томас Бернхард туындыларымен үндес. Жазушы адамзат рухының күйзелісін, өркениет дағдарысын және өнердің мәңгілік құндылығын философиялық тұрғыдан суреттейді.