ЕО жаңа биометриялы жүйеге көшті

12 қазаннан бастап Еуроодаққа кірмейтін елдерден келушілер шекарада паспортқа мөр басудың орнына биометриялы тіркеуден өтеді.

Жаңа жүйе жолаушылардың суреті мен саусақ іздерін тіркеп, олардың елге кіру және шығу мерзімін цифрлы түрде бақылайды. Жүйені енгізудегі басты мақсат - заңсыз миграцияның алдын алып, жалған деректермен жасалатын алаяқтықты азайту. Бастама кезең-кезеңімен іске қосылып, 2026 жылдың сәуіріне дейін толық жұмыс істейді. Балалар тек суретін тапсырады, қызмет үшін төлем алынбайды. Ал 2026 жылдың соңында жоспар бойынша Этиас ((ETIAS)) атты жаңа жүйе іске қосылады. Ол арқылы Шенгенге кірмейтін елдердің азаматтары сапар алдында онлайн рұқсат алып, 20 еуро төлеуі керек болады. Рұқсат үш жылға жарамды.