Қытай орбитаға жерсерік ұшырды

Қытай орбитаға табиғи апаттардың алдын алатын жерсерік аттандырды. «Яогань-46» жерсерігі «Чанчжэн» зымыран тасымалдаушының көмегімен ұшырылды.

Ол жер сілкінісі, су тасқыны және өзге де табиғат апаттарын дәлірек қадағалауға көмектеседі. Сондай-ақ жер бетін бақылап, ауа-райын болжау мақсатында пайдаланылады. Бұл - «Чанчжэн» зымыранының 605-ші ұшырылымы.