Николя Саркози түрмеден босатылды
Париждің апелляциялық соты Николя Саркозиді түрмеден босатты. Енді Францияның экс-президенті сот бақылауында болады. Бес жылға қамалған Саркози темір тордың әр жағында үш апта өткізді. Бұдан былай бұрынғы мемлекет басшысы электронды білезік тағып, қатаң шектеулерді сақтауға тиіс.
Оған елден шығуға және «Ливия ісі» бойынша куәгерлермен қарым-қатынас орнатуға тыйым салынды. Саркози апелляциялық шағым қаралғанға дейін бостандықта болады. Қыркүйек айының соңында Николя Саркози 2007 жылғы сайлау науқанын қаржыландыру үшін Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафиден миллиондаған еуро алды деп айыпталды. Алайда экс-президент өзін кінәсіз деп есептейді.