Түркияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Түркияның әскери-тасымалдаушы ұшағы апатқа ұшырады.

Әзербайжаннан Анадолы жеріне бет алған әуе көлігі Грузия аумағына жақын жерде құлаған. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қоса алғанда 20 түрік әскери қызметкер болған. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігі мәлімдеді. Хабарламада іздестіру-құтқару жұмыстары Грузия билігімен бірлесіп жүргізіліп жатқаны айтылған. Апаттың себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.