Израиль өлім жазасын енгізуі мүмкін
Израиль Парламенті террористерге өлім жазасын енгізу туралы заң жобасын мақұлдады.
Бірінші оқылымда 120 депутаттың 39-ы қолдап, 16-сы қарсы дауыс берді. Заң жобасына ұлттық қауіпсіздік министрі басқаратын ультраоңшыл "Еврей күші" партиясы бастамашылық етті. Құжат Израильге қарсы теракт жасағандардың барлығына міндетті түрде өлім жазасын тағайындауды көздейді. Заң күшіне енуі үшін ол парламентте тағы екі оқылымнан өтуі керек.