Израиль Газаға көмек жеткізуді шектеді

Израиль Газа секторындағы балаларды вакциналауға кедергі келтіріп отыр.

Бір жарым миллион шприц, дәрі-дәрмек сақтайтын тоңазытқыш пен сәбилерге арналған бөтелкелер тамыз айынан бері кеден бекетінен әрі аспай тұр. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры мәлімдеді. Ұйым өкілдері екі жылда жоспарлы екпелерін ала алмай қалған үш жасқа дейінгі 40 мың балаға қызамық, қызылша және пневмонияға қарсы екпе салды. Науқанды аяқтау үшін қосымша вакцина дозалары қажет. Ал гуманитарлық көмекті үйлестіретін Израиль армиясының арнайы бөлімшесі бұл жағдайға қатысты пікір білдірмеді.