Қытайда 758 метрлік көпір опырылып түсті

Қытайдың Сычуань провинциясында жаңадан ашылған 758 метрлік Хунци көпірі опырылып түсті. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.

Бұл орталық Қытай мен Тибетті байланыстыратын 758 метрлік өткел. Жағдай таулы аймақтағы көшкін салдарынан болған. Мамандар маңайдағы жарқабақтарда жарық пен жер қыртысының жылжуын анықтаған. Билік өкілдері зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ деп мәлімдеді.