Филиппинде дауылдан 27 адам опат болды
Филиппиндегі «Фунг-вонг» атты жойқын тайфуннан 27 адам опат болды.
3 млн-нан астам тұрғын зардап шекті. Әсіресе дүлей дауыл елдің солтүстік-шығысындағы бірқатар өңірге орасан зор шығын келтірді. 500-ге тарта қала мен елді-мекенде жарық өшіп, жолдар мен көпірлер зақымданды. Ауыл шаруашалық нысандары бүлініп, 2,5 млн доллар көлемінде шығын келді. Табиғи апаттан мыңдаған мектеп жабылып, барлық мекеме қызметін тоқтатқан.