Оңтүстік Суданда жағдай шиеленісті

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Оңтүстік Судандағы гуманитарлық жағдайға байланысты шұғыл отырыс өткізді.

Елде 2013 жылдан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыстан зорлық-зомбылық күшейген. 7,5 млн адам азық-түліктен тарығып отыр. Олардың 2 млн-нан астамы бала. Табиғи апаттардан ахуал шиеленісе түскен. Су тасқыны жүріп, ауыл шаруашылық алқаптарын шайып, миллионға жуық тұрғын баспанасыз қалды. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастықты Оңтүстік Суданға көмекті күшейтуге шақырып жатыр.