Жапония ядролық саясатты қайта қарайды
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити ядролық қаруға қарсы үш жапон қағидасын қайта қарауға ниетті. Мәселе алдымен либералдық-демократиялық партия ішінде талқыланады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан бері Жапония өз аумағында ядролық қаруды ешқашан иеленбеуге, өндірмеуге және орналастырмауға міндеттеме алған. Такаити бұл қағидалар АҚШ атомдық қорғаныс күшін әлсіретуі мүмкін деп санайды. Қазір Күншығыс елін АҚШ қорғайды. Жапония аумағында әлі күнге дейін ядролық қару жоқ.