Португалияда дауыл басылмай тұр
Еуропада дауыл басылмай тұр. Португалияда қатты соққан желден бір адам опат болды. «Клаудия» табиғи апатынан жиырмаға жуық адам жарақат алды.
Өткен аптада Фернао Ферро қаласында су тасқынынан ерлі-зайыптының денесі табылған еді. Дауыл елдің кейбір аудандарында, сондай-ақ көрші Испанияға, кейін Ұлыбритания мен Ирландияға жетті. Мамандар қауіптің екінші деңгейін жариялады. Қазір зардап шеккен аймақта құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.