Францияда шарап өндірушілер бас көтерді

Францияда шарап өндірушілер наразылық акциясын ұйымдастырды. Кейінгі кезде өндіріс шығындары өсіп, шарап бағасы күрт төмендеген. Бас көтергендер: «Елдегі ыстық пен құрғақшылық екінші жыл қатарынан егінді азайтып отыр», - дейді. 

Францияның Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, биыл шарап өндірісі төрт миллиард литрге жетеді. Фермерлер салық және әкімшілік қысымды төмендетуді, саланы қолдауды талап етіп жатыр.