ЕО Газаны қалпына келтіруге қатысады

Еуропалық одақ Газа секторын қалпына келтіруге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.

Ұйым гуманитарлық көмек көрсету және аймақты қалпына келтіру үшін барлық шараны қолға алуға әзір. Сондай-ақ Еуроодақ екі мемлекет қағидатына адалдығын тағы растады. Ұйымға мүше кейбір елдер қазірдің өзінде құны 80 млн еуродан асатын жарналар туралы келісімдерге қол қойды. Гуманитарлық миссияның аясында конференция өткізу үшін Мысырмен келіссөздер жүріп жатыр.