Бразилияда жауған бұршақтан 246 адам жарақат алды

Бразилияның оңтүстігінде көлемі жұдырықтай бұршақ жауып, 246 адам жарақат алды. Әсіресе Эрешин қаласы айтарлықтай зардап шекті. Табиғаттың тосын мінезі тұрғындарды біраз әбігерге түсірді. 

Бұршақ көліктердің әйнектерін сындырып, үйлердің шатырларын бұзды. Жергілікті биліктің мәліметіне сәйкес 10 мыңнан астам отбасының мүлкіне зақым келген. Аймақта апат салдарын жою шаралары жалғасып жатыр.