Гонконгте өрттен қаза тапқандар саны 83-ке жетті
Тағы жүздеген адамның жағдайы ауыр. 300-ге тарта тұрғын із-түссіз жоғалған.
Қызыл жалын шарпыған Тай По ауданындағы «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешенінде шамамен төрт мың адам тұрған. Өрттің қауіп деңгейі ең жоғары, бесінші деңгейге жеткен. Билік жеті жүзден астам тұрғынды эвакуациялап, уақытша орналастыру орталықтарын ашты. Онда зардап шеккендерге ас-су, жылы киім мен дәрі-дәрмек таратылып жатыр. Адам өліміне себепші болды деген айыппен 3 адам қамауға алынды. Оның екеуі құрылыс фирмасының директоры, біреуі инженер-кеңесші. Қайғылы оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.