Израиль Сирияға әуе шабуылын жасады
Сирияның сыртқы істер министрлігі Дамаскте Израильдің соққысынан 13 адамның қаза тапқанын хабарлады. Тағы 25 адам жараланған.
Израиль жасақтары Бейт-Джинн елді мекеніне кіріп, қақтығыс атысқа ұласқан. Әскерилер аумаққа содырларды ұстау үшін кіргенін мәлімдеді. Жергілікті тұрғындар жаңа шабуылдан қауіптеніп, үйлерін тастап, аймақтан шұғыл кетіп жатыр.