Францияда көшкіннен 7 адам қаза тапты
Францияның Таити аралында көшкін жүріп, 7 адам опат болды. Биік жотадан аққан лай-батпақ үйлерді түгел шайып кеткен.
Франция президенті Эммануэль Макрон әлеуметтік желідегі жазбасында зардап шеккендерге қолдау білдіріп, әлі де жоғалғандар барын айтты. Құтқару жұмысы жалғасып жатыр.