Индонезияда көшкіннен 303 адам опат болды
Индонезияда су тасқыны мен көшкін салдарынан опат болғандар саны 303-ке жетті. Тағы 200-ге жуық адам із-түссіз жоғалған.
Қираған жолдар іздестіру-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр. Биік жотадан аққан лай мен тастардың астында қалып қойған адам көп. Апат аймақтарына көмек тікұшақ арқылы жеткізіліп жатыр.