Газада қаза тапқандар саны 70 мыңнан асты
Газа секторында қаза тапқандар саны 70 мыңнан асты.
Бұл туралы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Кейінгі 48 сағат ішінде медициналық мекемелерге тағы екі адамның мәйіті мен 11 жаралы жеткізілген. Ұйымның мәліметінше, қазан айында атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен кейін 354 адам қаза тауып, 900-ден астамы жараланған. Бүгінде аймақтағы жағдай күрделі. Гуманитарлық дағдарыс жалғасып жатыр. Медициналық көмек әлі де шектеулі.