Палестинада сайлау 2027 жылға шегерілді

Палестинадағы парламенттік сайлау келесі жылдың 11 қыркүйегіне шегерілді, деп хабарлайды 24KZ.

Тиісті жарлыққа президент Махмуд Аббас қол қойды. Дауыс беру 28-ші қарашада өтуі тиіс еді. Алайда билік қауіпсіздік жағдайының нашарлауы мен Газадағы ауыр гуманитарлық ахуалға байланысты саяси науқанды кейінге қалдырды. Енді парламенттік сайлау 2027 жылы президенттік сайлаумен бір күнде өтеді. Бұған дейін Газа секторына қарасты Дейр-әл-Балах қаласында 20 жылда бірінші рет аймақтық сайлау өткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз: