АҚШ-та жұмысты жасанды интеллект істейді

Жасанды интеллект АҚШ-тағы барлық қызметкерлердің шамамен 12 пайызын алмастыра алады. Бұл туралы Массачусетс технологиялық институтының зерттеушілері мәлім етті. Олардың айтуынша, жасанды зерденің арқасында бір триллион доллар қаражат үнемдеуге болады. 

Биыл АҚШ-та IT саласының 100 мыңнан астам қызметкері қысқарған. «Бұл тек бастамасы ғана», - дейді ғалымдар. Қысқарту қаупі жоғары мамандықтар тізіміне HR, логистика, қаржы саласы мен кеңсе қызметтері енгізілген. Зерттеушілер 150 миллион қызметкердің деректерін сараптай келе жасанды интеллект оларды толық алмастыра алады деп отыр.