Австралияда орман өртінен он мың гектар жер жанып кетті

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында өршіп тұрған орман өрті 10 мың гектар алқапты күлге айналдырды.

 Шамамен он екі тұрғын үй жанып кетті. Өрт ошағы Сиднейден 45 шақырым жерде тіркелген. 70-тен астам өрт әлі толық бақылауға алынған жоқ. Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялады. Жалынның тарау қаупі жоғары болғандықтан тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшіріліп жатыр.