Нидерланд отшашу қолдануды заңмен шектеді

Нидерланд парламенті жеке тұлғаларға отшашуды сатуға және қолдануға тыйым салатын заңды бекітті.

Ереже жаңа жылдан бастап қолданысқа енеді. Оған сай отшашуды ұйымдастыру кәсіби мамандар ғана рұқсат етіледі. Бастама оқыс оқиғалар мен мүліктік шығынның алдын алып, жануарларды қатты дыбыстан қорғауға бағытталған. Мысалы, былтыр 31 желтоқсанда приотехниканы дұрыс қолданбау кесірінен елге 16 миллион еуро шығын келген. Бұған қатысты халықтан арнайы сауалнама да жүргізілді. Халықтың шамамен 65% отшашуға тыйым салуды қолдаған.