Бразилия фермерлері кофе өндірісін арттырмақ
Климаттық өзгерістер әлемдік кофе нарығына да әсер еттті. Биыл кофе бағасы рекордтық деңгейде қымбаттады.
Өйткені климаттың өзгеруі өсімдікті күтіп-баптауды едәуір қиындатқан. Сол үшін бразилиялық фермерлер көп күтім қажет етпейтін кофенің түрі - робустаның өндірісін арттырғысы келеді. Дәмі мен сапасын жақсарту үшін сұрыптау мен өңдеудің озық әдістерін қолдануда. Қазір әлемде робустаға сұраныс 2021 жылмен салыстырғанда екі есе артқан.