Бразилияда Арагуайя өзені тартылып барады
Бразилияда қатты құрғақшылықтан Арагуайя өзені тартылып барады.
Бұрын мұнда кемелер еркін жүзген еді, қазір сиреді. Енді ауыл-аймақтағы жүздеген мың тұрғынға азық-түлік жеткізу қиындап барады. Мамандар Эль-Ниньо құбылысы құрғақшылықты бұдан әрі де күшейтеді деп отыр.