Жапонияда күші 7,5 балдық жер сілкінісі болды
Жапонияда 90 мың адам эвакуацияланды.
Жер сілкініп, 30 адам ауыр жарақат алған. Қуаты 7 жарым магнитудалық зілзала елдің елдің солтүстік-шығысында Аомори префектурасы маңында болды. Жер сілкінісінен теңізде толқын көтерілген. Құзырлы органдар толқын үш метрге дейін жетуі мүмкін деп ескертіп отыр. Әсіресе Аомори, Иватэ және Хоккайдо префектураларында қауіп жоғары.