Жапонияда зілзаладан зардап шеккендер артты

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 35-ке жетті. Қаза болғандар жайлы ақпарат жоқ.

Бұл туралы ТИБИЭС телеарнасы хабарлады. Премьер-министр Санаэ Такаичи 90 мың тұрғын қауіпсіз жерге көшірілгенін айтты. Қуаты 7,5 магнитудалық зілзала елдің солтүстік-шығысында Аомори префектурасы маңында болды. Жер дүмпуінен теңізде толқын көтерілген. Жолдар мен ғимараттар бүлінді. Бұған дейін құзырлы органдар толқын үш метрге дейін жетуі мүмкін деп ескерткен еді. Қазір қауіп сейілген.