Қытайда тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты

Қытайда көпқабатты үй өртеніп, 12 адам опат болды. Тағы төрт тұрғын ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы оқиға Гуандун провинциясының Шаньтоу қаласында болған. Бұл туралы Синьхуа мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады. Төрт қабатты ғимараттан шыққан өрт 40 минуттан кейін сөндірілген.  Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Мамандар тілсіз жауға не себеп болғанын анықтап жатыр.