АҚШ жасырын мұнай танкерін ұстады
АҚШ Венесуэла жағалауында заңсыз ірі көлемде мұнай тасымалдаған кемені қолға түсірді.
АҚШ Бас прокурорының айтуынша, бұл кеме бұрыннан АҚШ-тың шектеуінде болған, бірақ соған қарамастан Венесуэланың мұнайын жасырын түрде Иранға жеткізіп отырған. Қазір мамандар кеменің иесін анықтап жатыр. Сарапшылар: «Бұл жағдай Венесуэланың экспортына әсер етуі мүмкін», - дейді. Оқиғадан кейін әлемде энергия бағасының көтерілуі байқалды. Ал Венесуэла бұған АҚШ мұнайды еш өтемсіз иемденгісі келді деп айып тақты.