АҚШ Тайваньға $11 млрд қару сатады

АҚШ Тайваньға жалпы құны 11 млрд доллардан асатын қару-жарақ сатады. Бұл кейінгі жылдары аралға көрсетілген ең ірі әскери көмек болмақ.

Онда 82 реактивті оқ ату жүйесі, алыс қашықтыққа ұшатын 420 баллистикалық зымыран, сондай-ақ өздігінен жүретін 60 артиллериялық қондырғы бар. Бұған қоса, Тайвань жоғары дәлдіктегі жүздеген дрон мен танкке қарсы зымырандарды да алады. Трамп билікке келгелі Тайбэйге осымен екінші мәрте қару жеткізіп отыр. АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл шешім Тайваньның қауіпсіздігін және аймақтағы саяси тұрақтылықты қолдауға бағытталған деп мәлімдеді. Ал Қытай Құрама штаттарды Тайваньға қару-жарақ сатуды тоқтатуға шақырды. Қытай Халық Республикасы бұл келісімді елдің егемендігіне, қауіпсіздігіне және аумақтық тұтастығына қол сұғу деп санайды.