Таиланд Камбоджамен шекарадағы мектептерді жапты
Таиланд билігі Камбоджамен шекаралас аймақтарда мыңнан астам мектепті жапты.
Мұндай шешім екі ел арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты қабылданған. Сабақтар жеті провинцияда тоқтатылған. Bangkok Post газетінің хабарлауынша, кейінгі аптада Таиландтың әскери әуе күштері Камбоджаның бірнеше провинциясындағы төрт казино нысанына соққы жасаған. Бұл ғимараттар командалық пункттер мен қару-жарақ қоймалары ретінде пайдаланылған.