Әлемдегі ең ірі АЭС қайта іске қосылады

Жапонияда әлемдегі ең ірі атом электр станциясы қайта іске қосылады.

«Касивадзаки-Карива» станциясы Токио қаласынан 220 шақырым жерде орналасқан. Бұған дейін ол жер сілкінісі мен цунами салдарынан уақытша тоқтатылған еді. Басқарушы компания 7 реактордың біреуін іске қосуды 20 қаңтарда жоспарлап отыр. Шешім барлық тексерістер мен рұқсаттар алынғаннан кейін қабылданбақ. Бұл 2011 жылғы «Фукусима» апатынан кейін елдің атом энергетикасын қалпына келтірудегі маңызды қадам болмақ. Бүгінде Күншығыс елінде 33 ядролық реактордың 14-і жұмыс істейді.