Әлемде мұнай бағасы өсті
Дүниежүзілік нарықта мұнай бағасы 1 пайызға жуық өсті.
Бұған АҚШ күштерінің Венесуэла жағалауында қара алтынды заңсыз тасымалдап бара жатқан танкерді ұстауы ықпал етті. Бұл жайт инвесторлардың жеткізілімдерге қатысты алаңдаушылығын тудырып, ол нарықтың тұрақсыздануына әкеп соқты. Бұған дейін АҚШ күштері Кариб бассейнінде есірткі тасымалдауға қарсы күресті күшейтіп, мұнай тиеген екі кемені тоқтатқан еді. Осыдан кейін аймақты бақылау қатаңдатылды.