АҚШ 29 елшісін қайтарады
АҚШ Президенті Дональд Трамп өзіне дейін елді басқарған Джо Байденнің тұсында тағайындалған 29 елшіні кері қайтарады.
Бұған елдің дипломатиялық жоспарын қайта қарау себеп болған. Ауыс-түйіс Африка, Азия және Таяу Шығыс елдеріндегі елшілерге қатысты болғалы тұр. Өзгеріс алдағы қаңтар айында жүзеге асырылмақ. Ақ үй сәуір айында шетелдегі бірнеше консулдығын жауып, 3,5 мың қызметкерін қысқартатыны туралы мәлімдеген болатын.