Ауғанстанда тасқыннан 17 адам опат болды

Ауғанстанда су тасқынынан 17 адам опат болды. Тағы 11 тұрғын жарақат алған.

Елді ұзақ уақыт құрғақшылық жайлаған болатын.  Кенеттен жаңбыр құйып, қар жауып соңы тасқынға ұласты. Апат салдарынан 1800-ден астам үй қирап, біраз мал суға кетті. Қазір құтқару шаралары жалғасып, залал мөлшерін бағалау жұмыстары жүріп жатыр.