Қытай контрацептивтік заттарға салық салды

Қытай билігі елдегі туу көрсеткішін арттыру үшін жүктілікке қарсы препараттарға 13 пайыз салық енгізді. Аталмыш дәрілер 33 жыл бойы «бір отбасы – бір бала» саясатының аясында құн салығынан босатылған еді.

Кейін 2015 жылдан бастап отбасыларға екі балаға, ал 2021 жылдан бастап үш балаға рұқсат етілді. Сондай-ақ үш жасқа дейін әр балаға жыл сайын 500 доллар көлемінде жәрдемақы қарастырылған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы халық саны шамамен 1,5 миллион адамға кеміген. Сол үшін мемлекет алдағы уақытта демографияны арттыруға барынша күш салуды жоспарлап отыр.