БАӘ Йеменнен әскерін шығарды

Біріккен Араб Әмірліктері Йеменнен әскерін шығарды. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Бұған дейін Эр-Рияд Мукалла портына соққы жасаған еді. Саудиялықтардың сөзінше, ондағы мақсат Оңтүстік өтпелі кеңес үшін заңсыз қару-жарақ жеткізуге тосқауыл қою болған. Йемен Сауд Арабиясының одақтасы саналатын Әмірліктермен қорғаныс келісімін бұзып, республикадан әскерлерін дереу шығаруды талап етті. 

Йемендегі әуе соққыларынан 7 адам қаза тапты

Дей тұрғанмен, Сауд Арабиясы Йеменге шабуылдауын тоқтатар емес. Елдің оңтүстік-шығысына жасалған кейінгі әуе шабуылдары салдарынан 7 адам қаза тапты. Хадрамаут провинциясындағы әскери базалар мен мемлекеттік органдарды бақылау үшін топтар арасында қақтығыстар жалғасып жатыр. Йемендегі азаматтық соғыс осымен 12-ші жылға созылды. Елді бақылау үш күшке бөлінеді. Ресми биліктің негізгі қатысушыларының бірі - Оңтүстік өтпелі кеңес Сауд Арабиясымен шекарада жеке мемлекет құруға ұмтылады. Ал Эр-Рияд мұны Патшалықтың ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қауіп ретінде қарастырады.