Әлемдік нарықта гауһартас арзандады
Әлемде гауһартас бағасы тағы арзандады. Бұған АҚШ-тың көптеген импорттық тауарға баж салығын енгізуі себеп болуы мүмкін.
RapNet Diamond Index мәліметінше, желтоқсан айында гауһартастың құны 2,3 пайызға төмендеген. Жалпы кейінгі бір жыл ішінде оның бағасы шамамен 10 пайызға түскен. Әсіресе салмағы шағын, дөңгелек пішінді өнімдер арзандаған. Былтыр көктем айларында нарықта гауһартас бағасының өсуі байқалған.